Соңғы жаңарту күні 30.07.2018
САЯСАТТЫҢ ҚАМТУ АУҚЫМЫ
KUK-Handels GmbH компаниясы және оның аффилиирленген тұлғалары (бұдан былай «KUK» немесе «біз») азық түлік пен фармацевтикалық өндірушілерге техникалық кеңестер беретін, дистрибьюторлық және сату қызметтерін және құрамдастардың өндірушілеріне дистрибуция и аутсорсинг қызметтерін (бұдан былай - «Қызметтер») көрсететін азық түлік пен фармацевтикалық құрамдастардың дистрибьюторы болып табылады.
Біз іздің сеніміңізді бағалаймыз және сіздің құпиялылығыңызды құрметтейміз, сол себепті біздің ақпаратты қалай жинап, өңдеп, ашатынымыз туралы білуіңізді қалаймыз. Осы құпиялылық саясатында біз www.kuk.com сайтымыз және өзіміз өздерін пайдалана отырып жұмыс істейтін өзге сайттарымыз (бұдан былай - «Сайттар») арқылы жинайтын жеке ақпаратты қорғау саясаты және тәжірибесі сипатталған. Оған қоса, бұнда сайттарымыз арқылы және қызметтерімізге байланысты жинайтын ақпарат түрлері, ол ақпаратты қалай пайдаланатындығымыз және адамдар біздің пайдалануымызға қатысты жасай алатын таңдаулары мен олардың ақпаратты түзету мүмкіндіктері сипатталған.
БІЗ ӨҢДЕЙТІН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Жеке деректер – сәйкестендірілген немесе сәйкестендірілетін тірі адамға қатысты кез келген ақпарат.
Біз өңдейтін жеке деректер қатарында:
- аты-жөні/ сәйкестендіру мәліметтері (аты / тегі, академиялық дәрежесі / мамандығы, туылған күні, жынысы, ...).
- байланыс ақпараты (электрондық пошта мекенжайы, пошталық мекенжайы, телефондарының нөмірлері, …)
- маркетингтік және байланыс ақпараты, соның ішінде сіздің бізден маркетингтік және сізбен сұратылып отырған қызметтерді көрсетуге қатысты сұратылып отырған (соның ішінде шарт жасасуға дейінгі құқықтық қатынастарға қатысты) хат-хабарларды алу бойынша қалауларыңыз.
- транзакция бойынша деректер, соның ішінде сіз/өзіңіз танытатын ұйым арасындағы мәліметтер және сіз/өзіңіз танытатын ұйым KUK компаниясынан сатып алған немесе ұсынған өнімдер мен қызметтер жөніндегі мәліметтер.
- қаржылық ақпарат, соның ішінде өзіңіз танытатын ұйымның төлем қабілеттігі жөніндегі деректер.
- техникалық мәліметтер және пайдалану жөніндегі мәліметтер, соның ішінде сіздің біздің сайттарды пайдалану жөніндегі мәліметтер (мысалы, біздің сайттарға кіру күні, уақыты және орны, беттерге берілген сілтемелер немесе бізге берген сілтемелеріңіз немесе жазбалар мен салыстыруға жарамды деректер).
Біз жеке деректерді сіз біздің ұсынатын қызметтерімізді пайдаланғаныңызда жинаймыз, мысалы:
- сіз бізге өнім немесе қызметке қатысты сұрату жібергеніңізде
- сіз өнім немесе қызметке тапсырыс бергеніңізде
- біз маркетингтік зерттеулер жүргізгенімізде, сізбен көрмелерде немесе біз өткізетін шараларымыздың бірінде кездескенімізде
- сіз зерттеулерге немесе өзгедей жарнамалық шараларға қатысқаныңызда
- сіз біздің әлеуметтік желілердегі арналарымызға қосылғаныңызда немесе өзіңіздің әлеуметтік желілердегі профиліңізбен бөліскеніңізде
Оған қоса, біз қажет етілген жағдайларда жалпыға қол жетімді көздерден (мысалы, коммерциялық регистрлер мен қауымдастықтардың регистрлерінен, азаматтық регистрлерден, баспа, интернет және басқадай бұқаралық ақпарат құралдарынан) заңды негіздерде жинаған, алған немесе сатып алған жеке деректерді өңдей аламыз және бізге ол деректерді өңдеуге жарғы ережелеріне сәйкес рұқсат етіледі.
Біз деректерді: сізбен немесе өзіңіз танытатын ұйым шарттық қатынастарды құру (немесе сондай шарт жасасу үшін шаралар қолдану) үшін және сізбен/өзіңіз танытатын ұйыммен әрекеттесу мақсаттарында қажет етілетіндіктен өңдейміз.
Бізге жеке деректерді сізбен сұратылған қызметтер мен өнімдерді ұсыну үшін жинау қажет. Жеке деректеріңізді бергіңіз келмеген жағдайда – еркіңіз біледі, бермеңіз. Дегенмен, бұл сізге сайттарымызды және қызметтерімізді пайдалануға немесе сізбен/өзіңіз танытатын ұйыммен шарттасуға кедергі келтіруі мүмкін. Сіз басқа тұлғаларға қатысты жеке деректерді бізге немесе біздің қызметтерімізді жеткізушілерге сол қызметтерге байланысты ашатын болсаңыз, сіз оны істеуге құқылы екеніңізді және ол ақпаратты осы құпиялылық саясатына сәйкес пайдалануға рұқсат ететініңізді мәлімдейсіз.
KUK компаниясына қандай да бір ерекше (мысалы, нәсілдік немесе этностық шығу тегіне, саяси сенімдерге, дінге немесе басқадай нанымдарға, денсаулыққа, қылмыстық болған іске немесе кәсіподақтарға мүшелікке қатысты) жеке деректерді жібермеуіңізді сұраймыз, себебі біз ондай ақпаратты жинамаймыз және өңдемейміз.
Біздің 18 жасқа толмаған тұлғалардан деректер жинауға ниетіміз жоқ. 18 жасқа толмаған болсаңыз, бізге ешқандай ақпарат жібермеңіз.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАНДАЙ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНАМЫЗ
Біз және біздің жеткізушілеріміз жеке деректерді іскери мақсаттарда пайдаланамыз, соның ішінде:
- сіздің және біздің сатып алуларымызды және тапсырыстарыңызды жүзеге асыру (біздің шарттық қатынастарымыздың немесе құқықтық міндеттемелеріміздің негізінде немесе шарттасу алдындағы қатынастар барысында)
- төлемдеріңізді өңдеу, тапсырыстарыңызды сізге жеткізу, сізбен сатып алуларыңызға/сатуларыңызға қатысты байланысу және сізді сәйкес клиенттік қызметпен қамтамасыз ету.
- KUK компаниясының шарттарында, талаптарындағы өзгерістер жөніндегі маңызды ақпаратты және/немесе өзгедей әкімшілік ақпаратты жіберу.
- ұсыныстарымызды сіздің қажеттіліктеріңізге орай икемдеу және сізге KUK-академияларына, клиенттерге арналған семинарларға немесе өзгедей шараларға жазылу мүмкіндігін беру (шарттық қатынастарымыздың негізінде немесе келісіміңіз бойынша)
- сізді қызықтыруы мүмкін деп есептейтін маркетингтік хабарларымызды жіберу, соның ішінде KUK көрмелері мен шаралары жөніндегі ақпаратты
- сізге тіркеліп, KUK-академияларына, клиенттерге арналған семинарларға немесе өзгедей шараларға қатысу мүмкіндігін беру
- іскери мақсаттарды көздеу (сізбен шарттық қатынастарымыздың негізінде, құқықтық міндеттемелерді орындай отырып немесе бізде заңды мүдде болғандықтан)
- сізге көрсететін қызметтеріміздің сапасын арттыру
- маркетингтік құралдар мен шараларды әзірлеу
- сайттарымыз бен онлайн қызметтерімізге әкімшілік ету және жаңартып отыру (мысалы, қауіпсіздік шаралары)
- біздің АТ-жүйелеріміз бен қуаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- корпоративтік басқаруды қамтамасыз ету (мысалы, есептеу, тәуекелдерді басқару, құнды есептеу)
- құқықтық нормалар мен процесстерді орындау
- қолданыстағы заң нормалары мен құқықтық процесстерді, соның ішінде сіздің еліңіздің заңдарын орындау
- мемлекеттік және үкіметтік органдардың сұратуларына жауап беру, соның ішінде сіздің еліңізден тыс
- KUK компаниясының, сіздің немесе өзге тұлғалардың құқықтарын, құпияларын, қауіпсіздігін немесе жекеменшігін қорғау
- KUK компаниясына қол жетімді қорғаныс құралдарын пайдалану немесе қамтамасыз ете алатын зияндарды шектеу.
Біз профильдеуді пайдаланбаймыз және жеке деректеріңізді тек автоматты өңдеуге ғана негізделген шешімдер қабылдамаймыз.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАНША УАҚЫТ САҚТАЙМЫЗ
Заңдармен одан ұзақ уақыт талап етілген немесе рұқсатты жағдайлардан өзге жағдайларда біз еке деректеріңізді осы құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттарға жету үшін қажетті уақыт барысында сақтаймыз.
Сақтау кезеңін анықтау үшін бір түрлі критерийлерді пайдаланамыз:
- сіз сұратқан қызметтерді көрсету ұзақтығы (соның ішінде шарттасуға дейінгі қатынастар мен шартты орындау уақыты)
- сіздің жеке деректеріңізді өңдеу мақсаты
- жеке деректеріңізді мөлшері, сипаты және ерекшеліктері
- жеке деректеріңізді рұқсатсыз пайдалану немесе ашылудың ықтималды тәуекелдері
- жергілікті қолданыстағы заңдарға сәйкес сақтау және құжаттау міндеттемелері.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ
Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін өте маңызды. Сондықтан біз өзіміз өңдейтін деректерді қорғау үшін есті техникалық (мысалы, желілік брандмауэрларды, қатқыл дискіні шифрлауды, сәйкестендіру механизмдерін) және ұйымдастырушылық (мысалы, құпиялылық жөніндегі келісімдерді, оқытуды, деректерге қатынауды және оларды пайдалануды шектеу процедураларын) пайдаланамыз. Өкінішке орай, деректерді Интернет немесе деректерді сақтау жүйесі арқылы жіберу 100% қауіпсіздікті кепілдендірмейді. Сіздің KUK Компаниясымен қатынастарыңыз қауіпсіз болмай қалды деп күдіктенсеңіз немесе солай есептеуге негіздеріңіз болса, бізбен data.protection@kuk.com мекенжайы бойынша дереу хабарласуыңызды сұраймыз.
ДЕРЕКТЕРДІ АШУ ЖӘНЕ ЖІБЕРУ
KUK компаниясында жеке деректеріңіз сол деректерді осы құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттарға жету, шарттық немесе жарғылық міндеттемелерін орындау үшін қажет ететін немесе сондай деректерді өңдеу және біздің заңды мүдделерімізді қамтамасыз ету үшін талап ететін келесі KUK-компанияларына ашылып, өңделеді.
Біз өзіміз жинаған ақпаратты келесі тұлғаларға келесі жолдармен аша аламыз:
- өңдейтін біздің қызметтеріміздің жеткізушілеріне немесе сондай ақпаратты біз үшін немесе біздің атымыздан жинайтын немесе пайдаланатын жеткізушілерге (мысалы, біздің құрамдастарды жеткізушілеріміз, дерекқорлардың хостингтік компаниялары, АТ-бағдарламалық жасақтаманы қолдаушылар және қызмет көрсетушілерге, курьерлік қызметтерге, орындаушы компанияларға / қоймалық / логистикалық компанияларға, жарнамалық агенттіктерге және сайттарымызды басқаруға және/немесе функционалдықты, мазмұн мен қызметтерді және/немесе өнімдерді ұсынуға көмектесетін өзгедей ұқсас нысандарға);
- соттық бұйрықтарға немесе өзгедей соттық процесстерге жауап беру немесе құқық қорғаушы органдардың, реттеуші органдардың, өзгедей мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес немесе заң талаптарына сәйкес басқадай жолмен ақпарат беру немесе деректерді жіберу қоғамдық мүдделерде жүзеге асырылатын жағдайларда;
- KUK компаниясының, сіздің немесе өзге тұлғалардың құқықтарын, құпияларын, қауіпсіздігін немесе жекеменшігін қорғау;
- KUK компаниясының қайта құрылуы, бірігуі, сатылуы, бірлескен кәсіпорын құрылуы, бизнесін, активтерін немесе акцияларын толықтай немесе бір бөлігін тапсыру, табыстау немесе өзгедей жолмен өкімдік ету жағдайында үшінші тұлғаларға, соның ішінде банкроттыққа немесе ұқсас жағдайларда;
- немесе, сіздің рұқсатыңыз бойынша немесе заңдарға сәйкес.
Көрсетілетін қызметтердің халықаралық сипатына байланысты жеке деректер қолданыстағы заңдарға сәйкес жоғарыда сипатталған мақсаттарда бүкіл KUK компаниясы бойымен халықаралық деңгейде тапсырылуы мүмкін. Ол жеке деректердің жеке деректерді Еуропалық Одақ деңгейінде қорғайтын заңдары немесе ережелері жоқ елдерге берілу мүмкіндігін білдіреді. Біз өзіңізбен табысталатын деректерде тек KUK компаниясының және біздің филиалдарымыз бен үшінші тарап провайдерлерінің қызметкерлеріне ғана ашудың есті шараларын қолданамыз. Біз сыртқы деректерді өңдеушілер деректерді тек осы құпиялылық саясатында сипатталған мақсаттарда ғана өңдеуін талап етеміз.
Жеке деректеріңізді Еуропалық экономикалық аумақта («ЕЭА») немесе Швейцарияда өңдеу жағдайында біз қолданыстағы заңдарды, әсіресе деректерді жалпы қорғау (ДЖҚ) ережесін орындаймыз. Деректерді өзінде Комиссияның 45 GDPR регламентінің бабына сәйкес қажетті шешімі жоқ үшінші мемлекеттегі алушыға жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда, біз деректерді қорғауды қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін келесі механизмдердің бірін немесе бірнешеуін қолданамыз:
- ЕЭА тыс алушылармен GDPR регламентінің 46-бабының 2-параграфының c), d) тармақтарына сәйкес ЕО стандартты шартты ережелері, немесе
- KUK компаниясында GDPR регламентінің 46-бабының 2-параграфының b) тармағына сәйкес міндетті корпоративтік ережелер, немесе
- KUK компаниясында қолданылатын мінез-құлық кодексі, үшінші елде сәйкес қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету міндеттемесімен бірге, соның ішінде деректер субъектілерінің құқықтарына қатысты (46-бабының 2-параграфының е) тармағы, 40-баб), немесе
- KUK компаниясы GDPR регламентінің 46-бабының 2-параграфының F) тармағына, 42-бабына сәйкес бекітілген сертификациялау міндетті механизмінен өтуі, үшінші елде сәйкес қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету міндеттемесімен бірге, соның ішінде деректер субъектілерінің құқықтарына қатысты, немесе
- деректерді қорғау бойынша өкілетті органмен рұқсат етілген KUK компаниясы мен деректерді алушы арасындағы шарттық ережелермен (GDPR регламентінің 46-бабының 3-параграфының а) тармағы), немесе
- нақты жағдайларда GDPR регламентінің 49-бабының 1-параграфына сәйкес шегіну, немесе
- нақты жағдайларда GDPR регламентінің 49-бабының 1-параграфының 2-тармақшасына сәйкес шегіну.
COOKIE-ФАЙЛДАРЫ
Сайттарымыз «Matomo» атаулы веб-талдауға арналған бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. «Matomo» cookie-файлдарын сайттарымыздың пайдалануын анықтау үшін қолданылып, пайдаланушылық интерфейсіңізді жақсарту мүмкіндігін береді.
Cookie-файлдары сайт пайдаланушы компьютерінде сақтап, браузер пайдаланушы қайтып келген сайын веб-сайтқа жіберіп отыратын ақпарат жолағы болып табылады. Сондай деректер браузер түрін, интернет-қызметтерінің провайдерін, беттерге сілтемелерді/олардан шығуды, амалдық жүйені, өзінен веб-сайтқа қатынау жүзеге асырылған елді және күн мен уақыт белгілерін қамтиды. Біл деректерді жіберу барысында сіздің IP-мекенжайыңыз жасырын болып, сізді, компьютеріңізді немесе ұялы құрылғыңызды сәйкестендіру мүмкін емес. Cookie-файлдарын пайдалануға рұқсатыңызды бермесеңіз, браузеріңіздің баптауларын пайдалана отырып оларды бұғаттаңыз немесе өшіріңіз, дегенмен оның cookie-файлдарының көмегінсіз веб-сайттарымыздың кейбір функциялары қажетті түрде жұмыс істемеуі сияқты кемшіліктері бар.
ӘЛЕУМЕТТІК БАҚ ПЛАТФОРМАЛАРЫ
Біздің әлеуметтік желілеріміздің арналары (мысалы, LinkedIn) арқылы ақпаратқа шолу жасап, олар бойынша пікір білдіріп немесе ақпаратпен бөліскеніңізде, біз сіздің әлеуметтік желілеріңіздің жеткізушісінен (әлеуметтік желілердегі баптауларыңызға байланысты) байланыс ақпараты, қызығушылықтарыңыз және таныстарыңыз сияқты ақпаратты ала аламыз. Сіздің әлеуметтік желілеріңіздің жеткізушісінен ала алатын жеке деректер, баптауларыңызды қалай өзгертуге болатындығы жөніндегі қосымша ақпаратты алу үшін сіздің әлеуметтік желілеріңіздің жеткізушіңіздің веб-сайтымен, құпиялылық саясатымен танысып шығыңыз, мысалы, LinkedIn бойынша ақпаратты https://www.linkedin.com/legal/privacy-policy мекенжайы бойынша қараңыз).
ГИПЕРМӘТІНДІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құпиялылық саясаты жеке өмірге қол сұқпаушылықты, үшінші тараптардың өзге әрекеттері жөніндегі ақпаратты, соның ішінде біздің сілтемелеріміз болуы мүмкін кез келген сайтта әрекет ететін кез келген үшінші тарапты қамтымайды және біз олар үшін жауапты емеспіз. Сайттарымыздың мазмұнына сілтемелерді қосу KUK компаниясымен байланысты сайтты мақұлдау болып табылмайды. Біз әлеуметтік желілер платформасының кез келген провайдерін, ағымды уақытта амалдық жүйе қызметтерін жеткізушісін пайдалану барысында туындауы мүмкін ақпаратты жинау, құпиялылық саясатының мерзімдері жөніндегі ақпаратты жинау, ашу үшін, соның ішінде сіз онымен сондай сайттарға/қызметтерге байланысты басқа компанияларға ашатын кез келген жеке деректерге қатысты жауапты емеспіз. Байланысты сыртқы сайтпен кез келген заңды бұзушылық жөнінде білген жағдайымызда, біз ол сілтемені дереу өшіреміз. Осы мәселе бойынша кез келген жауапкершілік бізге ондай бұзушылық белгілі болған мезеттен бастап қана мойындала алады.
СІЗДІҢ ДЛЕРЕКТЕРІҢІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫТАРЫҢЫЗ
Сіздің құқықтарыңыз:
- сіздің тұлғаңызға қатысты жеке деректердің өңделі-өңделмеуі жөніндегі растауды, деректерді өңдеу сипаты және деректердің көшірмелері жөніндегі қосымша ақпаратты алуға (GDPR регламентінің 15-бабы),
- қате немесе толық емес деректерді түзетуге (GDPR регламентінің 16-бабы),
- сіздің тұлғаңызға қатысты деректердің өшірілуіне (GDPR регламентінің 17-бабы),
- өңдеуді шектеуге (GDPR регламентінің 18-бабы),
- сіздің тұлғаңызға қатысты деректерді құрылымдалған, әдетте қолданылатын және машинамен оқылатын пішімде алуға және ол деректерді үшінші контроллерге табыстауға (GDPR регламентінің 20-бабы) және
- қарсылық білдіруге.
Сіздің тұлғаңызға қатысты деректердің көшірмесін алуға сұрату жібергіңіз келген немесе өзіңіздің басқа бір құқығыңызды пайдаланғыңыз келген жағдайда құпиялылық саясатының соңында берілген байланыс ақпаратын пайдалана отырып бізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Сұратуыңызға жауап қайтарарда сізді қорғау мақсатында сіздің тұлғаңыздың куәландырылуы қажет етілетіндігіне назар аударыңыз.
Сіздің тұлғаңызға қатысты деректерді өңдеуге келісіміңіз алынған жағдайда сіз кез келген уақытта ол келісіміңізді қайтарып ала аласыз. Келісіміңізді қайтарып алу оны қайтаруға дейін берілген келісіміңіздің негізінде өңдеу заңдылығына әсер етпейді. Біз деректеріңізді заңды мүдделер негізінде өңдеген жағдайымызда, сіз кез келген уақытта өңдеуге қарсылығыңызды білдіре аласыз. Деректеріңізді заңды негіздердің сіздің шарттарыңыздан асып кететіндігі анықталған мезетке дейін өңдейтінімізге назар аударыңыз.
Еуропалық экономикалық аумақта («ЕЭА») сіз еліңіздің деректерді қорғау жөніндегі қолданыстағы заңдардың болжамды бұзылуы орын алған аумағы бойынша деректерді қорғау жөніндегі органға шағымдана аласыз. Деректерді қорғау жөніндегі органдардың тізімі Еуропалық комиссия веб-сайтында берілген.
САЯСАТҚА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ
KUK компаниясы оқтын-оқтын құпиялылық саясатына өзгертулер немесе толықтырулар енгізу құқығын сақтап қалады. Құпиялылық саясатының соңғы рет қашан өзгертілгендігін көру үшін осы беттің «СОҢҒЫ ЖАҢАРТУ КҮНІ» белгісін қараңыз. Құпиялылық саясатының кез келген өзгертулері біз қайта қаралған құпиялылық саясатын жариялаған мезетте күштеріне енеді. Ол өзгертулерден кейін сіздің сайттарды пайдалануыңыз қайта қаралған құпиялылық саясатын қабылдағандығыңызды білдіреді.
Біз нақсыздық жағдайында (мысалы, мағынасы бойынша лингвистикалық айырмашылықтардың болуы) жағдайында ағылшын тіліндегі құпиялылық саясатының қолданылатындығы жөнінде хабарлауымыз мүмкін. Берілген аудармалар біздің тараптан жасалған әдептілік ретінде ғана қарастырылып, ақпарат үшін ғана берілген. Біз аудару барысында кетуі мүмкін ешқандай қателер үшін жауапты емеспіз.
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫМЫЗ
KUK компаниясымен өңделген жеке деректеріңіз не KUK-Handels GmbH компаниясымен не оның аффилиирленген тұлғаларының бірімен бақыланады. Құпиялылық жөніндегі мәлімдемеге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз KUK компаниясының жауапты офисімен хабарласа аласыз немесе төменде көрсетілген мекенжай бойынша бас офиспен хабарласуыңызға болады:
KUK-Handels GmbH
Auleiten 4
4910 Ried im Innkreis
Телефон: +43 7752 85805
e-mail: data.protection@kuk.com
бас офиспен хабарласқан жағдайда біз сұрақтарыңызды әрі қарай KUK компаниясының жауапты офисіне жібере аламыз.